ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли Қостанай облысындағы ірі орман өртінің 9 мың гектар аумақты шарпып үлгергенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, өрт салдарынан адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ.
Өртті сөндіруге 51 техника, 3 ұшақ, 4 өрт сөндіру пойызы және жеке құрамның 320 адамы жұмылдырылған.