Президент үстел теннисінен Азия чемпионатының жүлдегері Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы үстел теннисінен Азия чемпионатының қола медалін иеленген 15 жастағы қазақстандық Алан Құрманғалиевті телефон арқылы құттықтады.
Бұл жетістіктің ел спорты үшін тарихи маңызын атап өткен Мемлекет басшысы Аланның шеберлігіне алғыс айтып, келешекте жаңа жарқын жеңістерге жетуіне тілектестік білдірді», делінген хабарламада.
Айта кетейік, Алан Құрманғалиев Қазақстанның үстел теннисі тарихында Азия чемпионатында жүлде алған тұңғыш спортшы атанды.