• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қыркүйек, 2022

Көктөбе бөктеріндегі өрт сөндірілді

546 рет
көрсетілді

Көктөбе ауданындағы тау бөктеріндегі өртті сөндіруге 130 адам қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қалалық ТЖД хабарлағандай, 6 қыркүйек күні сағат 18:58-де өрт сөндірушілер Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 үйдің жанында тұтанған жалынды сөндіруге жіберді.

«Шақырту орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер 3 гектар алқапта тау баурайы учаскелері жанып жатқанын анықтады. Сөндіру жұмыстары желдің күшеюімен және күннің қараңғы уақытымен қиындады. Нәтижесінде өрт 20:22-де оқшауланып, 20:35-те толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында суару-жуу машинасы бар 19 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 130 адамы жұмылдырылған.