Алматы қаласының полицейлері Көктөбе баурайындағы өрттен кейін әлеуметтік желілерде пайда болған видеода бейнеленген адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды. Бейнероликті қарап шыққан полицейлердің назары әл-Фараби даңғылы маңындағы жасыл аймақтағы алаудың жанында тұрған адамға түсті.
Бостандық ауданы Полиция басқармасының хабарлауынша, видеоға түсірілген жер анықталды.
«Қазір полиция қызметкерлері тексеру жүргізуде. Қаланың бейнебақылау жүйелерінің деректері тексеріледі. Заңсыз әрекеттерді жасаған адам анықталып, жауапқа тартылады», делінген Polisia.kz хабарламасында.