• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Спорт 07 Қыркүйек, 2022

Tartyl Fest спорт фестиваліне 12 мыңға жуық адам қатысты

153 рет
көрсетілді

Турникте тартылу бойынша Tartyl Fest спорт фестивалінің іріктеу турнирі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жарыс10 шілдеден бастап әр өңірде өткізілді. Іріктеу кезеңінің жалпы жүлде қоры – 63 миллион теңге. Бүгінде Tartyl Fest рекорды - 50.

«Tartyl Fest – бұл үлкен спорт мерекесі. Ол белсенді өмір салтын насихаттауға бағытталған. Еліміздің 12 мыңға жуық азаматы осындай ауқымды жарысқа қызығушылық танытып, қатысқаны қуантады. Қазір көпшілік қауым «жастарымызды пернетақтадан жұлып алу мүмкін емес» дейді, бірақ осындай ауқымды спорттық оқиға ол пікірді жоққа шығарады. Мына жарыс соның айқын дәлелі», деді Дәурен Абаев.

Еліміздің 20 қаласының әрқайсысында 9 санатта 27 жүлдегер анықталды. Бірінші орын үшін қатысушылар 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды, екінші орын үшін – 100 мың теңге, үшінші орын үшін – 50 мың теңге.

Енді барлық жеңімпаздар қазан айында өтетін үлкен финалда кездеседі және жарыста кім үздік  екені анықталады. Бірінші орын үшін жеңімпаз бірнеше миллион теңге алады.