• RUB:
    5.28
  • USD:
    480.61
  • EUR:
    534.53
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қыркүйек, 2022

Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін

334 рет
көрсетілді

Мұндай бастама «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына енгізілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды»,  делінген Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында.

Заңда 25 қазанды Ұлттық мереке – Республика күні ретінде айқындау, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу туралы айтылған.

Мәжіліс депутаттары аталған заң жобасын талқылап, құжатты мақұлдады.

Соңғы жаңалықтар