• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Қыркүйек, 2022

Ақпарат қауіпсіздігі алаңдатады

590 рет
көрсетілді

Қазақстандық делегация Мәскеуде өткен ақпараттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі әскери-ғылыми конференцияға қатысты. «Әскери салада ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы бұл жиын ҰҚШҰ Біріккен штабында өтті.

ҰШҚҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйе­сінің күштері мен құралдарын басқару органдары және құралым­дарын бірлесіп даярлаудың 2022 жыл­ға арналған жоспарында әскери-ғылы­ми конференцияны өткізу регла­мент­телген.

Іс-шараға ҰҚШҰ-ға мүше елдер қор­ғаныс ведомстволарының ақпарат­тық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласының мамандары, базалық оқу-әдістемелік ұйымдардың, Хатшылық пен Біріккен штабтың өкілдері қа­тысты.

Қазақстандық делегацияны Мемлекеттік құпияларды қорғау департаментінің басшысы, полковник Ильнур Бисембаев басқарып барды.

Ол сөйлеген сөзінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен семи­нарлар, технологиялық жаттығулар, оқу-жаттығулар, зертханалық жұ­мыс­тар түрінде практикалық және тех­ни­калық бағыттағы бірлескен іс-ша­раларды тұрақты түрде өткізу қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар ақпарат қауіпсіздігіне қатысты ба­рынша өзекті қауіп-қатерлер мен олар­ға қарсы іс-қимыл шаралары туралы мәлімет алмасуды тұрақты түрде іске асыруды жолға қойған жөн деді.

Пленарлық отырыста кон­фе­рен­цияға қатысушылар ақпарат қауіп­сіздігіне төнетін қауіп-қатер төңіре­гіндегі мәселелерді де қарастырды. Одан өзге ұлттық қарулы күштерде ақпараттың сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жайлы тәжірибе жинап, пікір алмасты.

Конференцияның нәтижелері бойынша қатысушылар әскери салада ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса өзекті екенін атап өтіп, өзара іс-әрекетті жетілдіру жөнінде ұсыныстар пысықталды.