Алматы облысының тасжолында жаяу жүргінші көлік астына түсті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жол-көлік оқиғасы 7 қыркүйек түнде Алматы-Бішкек тасжолының 32 шақырымында Әйтей кентіне қарама-қарсы жерде болған. Nissan Cefiro автомобилі Алматы облысына қарай батыс бағытта сол жақ шеткі жолақпен жүріп келе жатқан. Кенеттен, бұталардың арасынан жолға ер адам шығып, көлік астына түскен.
Жарақат алған ер адам оқиға орнында көз жұмған. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан қайтыс болған адамның құжаттарын таппады. Қазіргі уақытта оның жеке басы анықталып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.