• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 08 Қыркүйек, 2022

Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

184 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысының Шұбарқұдық ауылынан Қандыағаш қаласы бағытында келе жатқан 27 жастағы «ВАЗ-2114» көлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Nissan көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан аталған көліктердің екі жолаушысы, сондай-ақ екі көліктің жүргізушісі Темір аудандық ауруханасына жатқызылды.

Кейін «Nissan Teana» көлігінің жолаушысы қайтыс болғаны белгілі болды.