• RUB:
    4.9
  • USD:
    441.79
  • EUR:
    478.77
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Қыркүйек, 2022

Калифорнияда алапат өрттен 2 адам қаза тапты

191 рет
көрсетілді

Калифорниядағы орман өртін сөндіруге қолайсыз ауа-райы кедергі келтіруде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Соңғы бірнеше күннен бері Калифорнияда аптап ыстық жалғасуда. Штатта жоғары температура мен құрғақ ауа райының салдарынан орман өрті өршіген. Қазір Калифорниядағы көптеген өрт ошағының көлемі ұлғайып жатыр. Олар әлі тиімді бақылауға алынған жоқ.

7 қыркүйек күні таңертең Калифорнияның оңтүстігіндегі Хеметтің тиісті департаменттері Фэрвью тауындағы өрт әлі де тез таралып жатқанын және өрт аумағы 2023 гектарға дейін кеңейгенін мәлімдеді. Ал өрттің небәрі 5%-ы ғана бақылауға алынған. Өрт салдарынан 2 адам қаза тауып, 1 адамды ауыр күйік шалған.  

 

Ғылымнұр КӘДІРБАЙ