• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қыркүйек, 2022

Алматы облысында қару-жарақ жасырылған қойма анықталды

201 рет
көрсетілді

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері қару-жарақ жасырылған қойманы анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысы және Жетісу ауданы бойынша ҚІІБ-нің №57 мекемесінің қызметкерлері қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілердің орнын анықтау бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Талдықорған қаласы ІІД және Ескелді ауданы СҒҚ-мен бірлесіп, аумақты тексеру барысында Ескелі ауданы, Жастар ауылындағы аялдама маңында тас астынан патрондары жоқ Макаров тапаншасын тапты. 

«Қызметкерлеріміздің қырағылығының арқасында Талдықорған қаласының ОБ қызметкерлерімен бірлесе отырып, жақсы үйлестірілген және тиімді жұмыс жүргізілді», деді ІІД басшысы И.Хасенов.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.