• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 09 Қыркүйек, 2022

Қайырымдылық жобаларын қаржыландыруға өтініш беру жеңілдейді

161 рет
көрсетілді

«Самұрық-Қазына» тобының барлық компаниясының өкілі саналатын Samruk-Kazyna Trust ашықтық мақсатында sk-trust.kz ресми сайтын жаңартып, оны қоғам белсенділері мен КЕҰ-ға барынша ыңғайлаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді қолданушы сайттың басты бетінде бірнеше тетікті басу арқылы ғана жобаны қаржыландыруға өтінім бере алады. Өтінішпен бірге КЕҰ және өтініш беруші, оның жобасы туралы ақпарат пен құжаттары қоса берілуі тиіс. Барлық ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді.

Ұсынылған құжаттарды Samruk-Kazyna Trust мамандары тексереді. Бұл процесс 15 жұмыс күнінен аспайды. Осыдан кейін әрбір өтінім бойынша түпкілікті шешімді қордың Қамқоршылық кеңесі қабылдайды, оның құрамы сайтта көрсетілген. Оның бір мүшесі – белгілі қоғам қайраткері, Сенат депутаты Ләззат Қалтаева.  Барлық үміткер кеңес отырыстарына қатысып, жобаларын онлайн және офлайн режімде қорғай алады.

Samruk-Kazyna Trust сайты жаңартылғаннан кейін көп ұзамай алғашқы КЕҰ қаржыландыруға қол жеткізді. Атап айтар болсақ, жастарға психологиялық қиындықтарды жеңуге және кәсіби білім алуға көмектесетін Нұр-Сұлтандағы Bilim Foundation, сондай-ақ Атыраудан миы және жұлыны зақымданған балаларға иппотерапия әдісі арқылы көмектесумен айналысатын «Маленькая страна» ұйымдары жобаларына қолдау тапты.