Ирактың Бабил провинциясында жүк көлігі мен автобустың соқтығысуы салдарынан 11 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Керманшах Қызыл Жарты ай ұйымы басшысының орынбасары Тахир Дуруди мәлімдеді.
Оның айтуынша, көліктер соқтығысқаннан кейін автобус ішіндегі газ баллоны жарылған. Олар діни мерекеден келе жатқан.
Жол апаты салдарынан кімдердің қаза тапқаны әзірге белгісіз. Жаралылар Ирактағы ауруханаларға жатқызылды.