• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Тағайындау 12 Қыркүйек, 2022

Екі облыстың экология департаменттеріне басшысы тағайындалды

354 рет
көрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі екі өңірдің департамент басшыларын тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен 2022 жылғы 7 қыркүйектен бастап Абай облысы бойынша экология департаментінің басшысы Серік Абдуллаұлы Сарбасов тағайындалды.

Серік Абдуллаұлы Оңтүстік Қазақстан облысында 1987 жылы 3 қаңтарда дүниеге келген.

2008 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Биология» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар Достығы университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Қоршаған орта қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында зертханашы болып бастаған.

2011-2019 жылдар аралығында Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар облыстарының экология департаменттерінде бас маман қызметін атқарған.

2019 жылы Шымкент қаласы бойынша Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы - Аға мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымында қызмет атқарды.

2021 жылы Алматы облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасары – Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы қызметін атқарған.

2022 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Абай облысы бойынша экология департаменті басшысы қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша экология департаментінің жаңа басшысы болып Арсен Хасенұлы Латыпов тағайындалды.

Арсен Хасенұлы Солтүстік Қазақстан облысында 1986 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген.

2008 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығымен бітірді. 2011 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университетің «экология» магистрі атанып, 2014 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қазақстан метрология институты» РМК, ғылыми зерттеулер және ақпараттық қызмет көрсету зертханасының I санаттағы маманы болып бастаған.

2019 жылы Экология, геология жəне табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті лицензиялау басқармасының бас сарапшысы, Экологиялық саясат және тұрақты даму департаменті экологиялық мониторинг басқармасының басқарма басшысы, 2020 жылы Жамбыл облысы бойынша Экология департаменті басшысының орынбасары - Жамбыл облысы бойынша Бас мемлекеттік экологиялық инспекторы лауазымдарында қызмет атқарды.

2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келеді.