• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Елорда 13 Қыркүйек, 2022

2023 жылы елордада үш газ қазандығы іске қосылады

316 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің айтуынша, жаңадан салынып жатқан газ қазандықтарының қуаты ЖЭО-3-тен 3 есе асып түседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Осылайша, елордадағы қазіргі газ тапшылығының орнын толтыруға да, құрылыс жұмыстары жүретін жаңа аудандарды жылумен қамтуға да ыңғайлы жағдай жасалады. Бұл жаңалықпен қала әкімі өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті.Қала басшысының айтуынша, газ қазандықтары 2023 жылдан бастап кезең-кезеңімен іске қосылады. Құрылыс жұмыстары теміржол вокзалының аумағында, Қорғалжын тасжолының бойында және Тельман елді мекенінде жүріп жатыр.«Оңтүстік-Шығыс» қазандығы «Мыңжылдық» ауданын, жаңа теміржол вокзалы аумағын, құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтамасыз етеді. Ал «Тельман» қазандығы «Бағыстан» ТК, Ұлы Дала даңғылы, «Тельман» елді мекені аумағын қамтиды. Өз кезегінде үшінші – «Тұран» қазандығы Қорғалжын тасжолы, Тұран даңғылы бойындағы және басқа да құрылысы қарқынды жүріп жатқан аудандарды жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деп жазады Алтай Көлгінов.

Елорда әкімі сорғы-сүзу станциясының (ССС-3) құрылысымен де танысып шықты.

Хабарланғандай, шаһар тұрғындары тәулігіне 300 мың текше метр су тұтынады, ал жаңа ССС-3 қуаттылығы тәулігіне қосымша 100 мың текше метрден астам су береді деп күтіледі.«Қаламыздың дамып келе жатқанын ескерсек, қазірдің өзінде суға деген қосымша қажеттілік байқалып келеді. Сол себептен ССС-3 биыл жыл соңына қарай ішінара пайдалануға беріледі. Осылайша сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіледі. Ал 2023 жылдан бастап ССС-3 жұмысының қуатын арттыру бойынша жұмыс істейміз», деп қорытындылады әкім.