• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Қыркүйек, 2022

Келіндер кереметі

374 рет
көрсетілді

Қазақ халқы әу бастан «Келіні жақсының керегесі алтын» деп босағадан ат­таған жаулықты жанның тәрбиесі мен көрген-түйгеніне мән берген. Ғасыр­лар­дан келе жатқан осы үрдіс бүгін де өз маңыздылығын жойған жоқ. Оған Көксу ауданының Мәмбет ауылында өткен келіндер сайысы тағы бір рет дәлел болды.

Сайысқа отбасының көркін келтіріп, жан-жақтылығымен танылып жүрген келіндер қатысып, бақ сынады. Іс-шара барлық санитарлық талапты сақтай отырып өткізілді.

Қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанатын инабатты қазақ келіндерін дәріптеу мақсатында ұйым­дастырылған байқауда 25-35 жас аралы­ғындағы шебер де пысық 10 келін бақ сынады.

Қазақ келіні қай кезден де отбасының берекесін келтіріп, татулығын бекемдей білген. Әр үйдің өнерлі келіндері өз­де­рінің шыққан тегі мен түскен шаңырағынан мағлұмат беріп таныс­тырған болса, сайыста өздерінің өнер­ле­рін ортаға салды. Қазақы дастар­қанын жай­натып, салт-дәстүрге қатысты сұрақ­тарға мүдірмей жауап берді.

«Отан отбасынан басталады, отбасында бала қандай тәрбие алса, өскенде сондай болады, дұрыс тәрбие алса, дұрыс тәрбиелі, білімді, еліне жанашыр болады, ал бұрыс тәрбие алса, қандай болатыны айтпаса да түсінікті. Осындай ауыз бірлікте, ұйымшылдықта, берекеде өмір сүріп, еліміз бен жеріміздің гүл­денуіне аянбай еңбек етейік», деді Көксу ауданының әкімі Марлен Көлбаев.

Жан-жақты дайындығымен келген келіндер өздерінің ерекшеліктерімен та­ны­лып, көптің көңілінен шықты. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүл­­дені Лабасы ауылының келіні Ұлар Жыл­қыбаева, 1-орынды Мұсабек ауы­лының келіні Әлия Арыстан, 2-орын­ды Қаблиса ауы­лының келіні Шы­нар Жұма­ғали, 3-орынды Жарлыөзек ауы­лының келіні Жан­на Қалисақарова жеңіп алды.

Сайыс соңында 9 бала тәрбиелеп отыр­ған Гүлзира Бектемісоваға аудан­ның жан­ашыр аза­маттары үйдің кілтін сыйлады.

 

Жетісу облысы