Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ұйымның беделі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Мен жоғарыда айтқандай, біздің ұйымның идеялық және институционалдық негіздерінде кереғарлық пен блоктарға бөлінушілік жоқ. Бұл ШЫҰ-ның халықаралық беделі мен танымалдығының артуына ықпал етті. Соның арқасында ұйым ең табысты бірлестікке айналды. Сондықтан ШЫҰ үдерісіне қатысатын елдердің географиясы жылдан жылға кеңейіп келеді. Бұл – Ұйымның жоғары сұранысқа ие екенінің айқын дәлелі. Менің пікірімше, ШЫҰ қазір әлемдегі ең табысты халықаралық ұйым», деді Мемлекет басшысы.