• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Әлем 16 Қыркүйек, 2022

Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтатуға келісті

1318 рет
көрсетілді

Қырғызстан мен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеттерінің басшылары Қамшыбек Ташиев пен Саймумин Ятимов атысты тоқтату туралы келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғызстан ҰҚК шекара баспасөз қызметінің ресми хабарламасында атысты тоқтату уақыты көрсетілген.

«Қырғызстан мен Тәжікстан ҰҚК басшылары атысты сағат 16:00-де тоқтатуға келісті», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасының бірнеше учаскесінде атыс болды. Екі тарапта да зардап шеккендер бар.