• RUB:
    5.51
  • USD:
    475.37
  • EUR:
    514.97
Басты сайтқа өту
Пікір 20 Қыркүйек, 2022

Жолдаудың қуаты

165 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазіргі күрделі жағдайда жолданған кезекті «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауының мән-мағынасы терең.

Мемлекет басшысы бұған дейінгі Жолдауын саяси реформаға арнаса, осы соңғы Жолдауында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше назар аударды.

Реформалардың негізгі мазмұны – бірінші кезекте өскелең ұрпақтың мүддесі, адами ресурстарды дамыту, мемлекеттің әлеуметтік құрамды бөлігін күшейту тақырыптарын қозғады. Яғни мықты әрі белсенді және бәсекеге қабілетті қоғам құру арқылы табысты мемлекет құру жолын жалғастыру.

Жолдауда Президент әдеттегідей, қазақстандықтардың ең өзекті сауалдарына нақты жауабын берді. Бұл бастау алған саяси өзгерістердің жалғасы. Президенттің сөзі мен ісі бір жерден шығатынының тағы бір дәлелі – осы. Мемлекет басшысының Президент мандатын қысқарту және ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеу жөніндегі бастамасы қолдау тапты. Мұның бәрі реформалар бағытының дәйектілігін және оның елдегі демократияны нығайтуға бағытталғанын көрсетеді.

Мемлекет басшысы Жолдауда халықты толған­дыратын барлық өзекті мәселені қамтыды. Бұл су ресурс­тарының жетіспеушілігі, жол жөндеу, ауылдағы медицинаны дамыту, игерілмеген жерлерді қайтару және тағы басқалар.

Шыны керек, ең күтпеген жаңалық – балалардың есепшотына Ұлттық қордан ақша аударып отыру шешімі болды. 18 жасқа дейін әр баланың есепшотына ақша аударылып, содан кейін бала үлкен өмірге қадам басқанда ол ақшаны оқуға және үй алуға жұмсай алатыны айтылды. Мұндай тәжірибені біз араб елдерінен және басқа да дамыған мемлекеттерден көретін едік. Қызығып қарайтын едік. Бұл жаңалықтың бізге келгені жастарымыздың үлкен өмірге еш қиындықсыз қадам басып кетуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Себебі әр жас үшін үлкен өмірге қадам басқанда жұмысқа орналасу, үй алу, үйлену деген мәселелер өзекті.

Жалпы, биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы елдің дамуына, рухани және экономикалық өсуімізге зиялы қауым өкілдерін белсенді болуға шақырды. Халықтық, елдік мәселелерде ауызбіршілік пен ынтымақтастық танытып, ел дамуына адал қызмет етуде рухани күш берді.

Ендігі кезекте, біздің басты міндетіміз – жаңа кезеңге аяқ басып, еліміздің сенімді қорғаушысы мен қауіпсіздігінің тірегі болу .

Айта кету керек, Ұлттық ұлан әскерлері Ішкі істер органдарының ажырамас күш құрылымы ретінде үнемі жеке азаматты, қоғам мен мемлекетті қылмыстық және басқа да заңға қайшы әрекеттерден қорғауды жүзеге асырады. Заңға сәйкес азаматтардың және мемлекеттің құқықтары мен бостандықтарының күзетінде тұрады. Жолдауда құқық қорғау органдарын реформалау туралы айтылған ұсыныстардың барлығын біз Мемлекет басшысының алдымызға қойған тікелей тапсырмасы ретінде қарастырамыз.

Өз кезегінде, Ұлттық ұлан – құқықтық тәртіп әскері болғандықтан, ешқандай арандатушылыққа, ешкімге қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, мемлекеттің тұғырын шайқауға жол бермеуі тиіс.

Сондақтан біздің «Батыс» өңірлік қолбас­шы­лы­ғымыздың жауынгерлері алдағы уақытта да өз қызметтерін жоғары жауынгерлік әзірлікпен, жауынгерлік міндеттерді табысты орындаумен, өздерінің әскери борышын абыроймен атқаратынына нық сенемін.

 

Бақыт АЛАЗОВ,

«Батыс» өңірлік қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары,

полковник

 

Орал