• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Оқиға 20 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысында жол апатынан ер адам қаза тапты

203 рет
көрсетілді

Оқиға бүгін сағат 7:40-та болған деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тас жолында ВАЗ-2107 автокөлігін басқарған 39 жастағы жүргізуші рульге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан 42 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Skoda автокөлігімен соқтығысқан. ВАЗ-2107 жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», деп жазылған polisia.kz таратқан хабарламада.

Сондай-ақ екі жолаушы және Skoda көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.