• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 21 Қыркүйек, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ядролық қарудан азат әлем құруды жалғастырамыз

343 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы ядролық державалар арасындағы текетірестің күшейіп келе жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұған дейін Қазақстан ядролық қару сынақтарынан көп зардап шекті. Сондықтан ядролық державалар арасындағы текетірестің күшею қаупін жақсы түсінеміз. Осыған орай ядролық қарусыздану Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды қырына айналды. Біз ядролық қарудан азат әлем құру жолындағы күресімізді жалғастыра береміз», деді Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының жалпы дебатында.

Оның айтуынша бұл саладағы кейбір жетістіктерге қарамастан, жалпы ахуал жақсы емес.

«Ядролық державалар арасында күшейіп келе жатқан бәсеке мен текетірес бізді алаңдатады. Сондай-ақ біз Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың жалпы конференциясы аясында ілгерілеу жоқ екеніне алаңдаймыз. Алдымызда қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы жаңа механизмдерді әзірлеу жөнінде аса күрделі міндет тұр», деді Президент.