• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ахмет Байтұрсынұлы 21 Қыркүйек, 2022

Ахмет тойы 1 қазанда өтеді

5364 рет
көрсетілді

Қыркүйектің басында жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы табиғи апаттың салдарынан кейінге шегерілгені белгілі. Өрттен зардап шеккен тұрғындарға Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар, тіпті бүкіл ел жабылып көмек көрсетті.

Қазір жағдай біршама тұрақталып, Әулиекөлде баспанасыз қалған тұрғындарға арналған үй құрылысы қызу жүріп жатыр. Құрылыс қазан айының соңына дейін аяқталып, күн суытпай тұрғындарға берілетін түрі бар. Осыған орай, облыс басшылығы Ұлт ұстазының мерейтойын 1 қазан күні атап өтуді жоспарлап отыр. Мерекелік шаралар Ахмет Байтұрсынұлы және Торғай ауылдарында өтеді.

Облыс әкімдігі жариялаған бағдарлама бойынша шараға қатысушылар алдымен Ахмет Байтұрсынұлының кіндік қаны тамған Сарытүбек қонысындағы Ахаңның ақ кесенесіне тағзым жасайды. Осы жерде музей-үйдің тұсаукесері өтіп, ас беріледі.

Одан кейін Торғайда қазақ күресі, ат жарысы басталады. А. Байтұрсынұлы мен М. Дулатұлына арналған ескерткіш ашылып, қос арыстың атындағы әдеби музейдің реэкспозиция жұмыстарынан кейінгі тұсаукесері өтеді. Сондай-ақ Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде ғылыми-практикалық конференция  өтеді деп жоспарланған.

Ұлт ұстазының 150 жылдығына арналған шаралар «Топжарған» стадионында өтетін мерекелік концертпен аяқталады.

 

Қостанай облысы