• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Қыркүйек, 2022

Еурокомиссия басшысын еліне шақырды

143 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-отырысында Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөз жүргізіп, Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

 

Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген стра­тегиялық әріптестікті дамыту перс­пективаларын талқылады. Қазақстан Президентінің 2021 жылғы қарашадағы Брюссельге ресми сапарының қоры­тын­дысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, энергетика және көлік-логистика салаларында жобаларды жүзеге асыру мәселелері қозғалды.

Еуропалық комиссияның басшысы Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.