Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев АҚШ-тың іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, Нью-Йоркте Қазақстан-Америка инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты.
Қ.Тоқаев кездесуде Әділетті Қазақстан құруға бағытталған ауқымды саяси және экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, ол энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, көлік-логистика, цифрландыру, қаржы және жаңартылатын энергия көздері салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін айтты. Сондай-ақ Тоқаев Қазақстанда АҚШ-тың жаңа ірі кәсіпорындарының құрылуына қолдау білдірді.