• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Оқиға 23 Қыркүйек, 2022

Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуал қандай?

361 рет
көрсетілді

Бүгінде Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артқан, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары ағынының ұлғаюына байланысты, оның төртеуінде кептеліс туындаған.

Еліміздің ҰҚК ахуал ерекше бақылауға алынды деп мәлімдеме жасады.

«Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде. Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. ҰҚК Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады», деп жазылған хабарламада.