• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Туризм 23 Қыркүйек, 2022

Қазақстандықтар Албанияға визасыз саяхаттай алады

218 рет
көрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді теңізге шыға алмайтын дамушы елдер тобы министрлерінің жыл сайынғы кеңесінде сөз сөйледі. Іс-шара БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өтті. Сол күні министр бірқатар келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР СІМ сайтында хабарланғандай, Албаниямен келіссөздер қорытындысы бойынша визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, Доминикан Республикасымен ұлттық паспорттардың, сондай-ақ дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелері үшін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімдерге қол қойылды.

Сондай-ақ, Парагваймен дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.