Қазақстандық Тимофей Скатов жекелей сында Брага (Португалия) Челленджер жарысының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.
Дүниежүзілік рейтингте 242-орында тұрған қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 121-інші, доданың екінші ракеткасы, испаниялық Карлос Табернермен шеберлік байқасты. Бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкте Скатов сәтті ойнай білді. Есеп - 7:6 (7:2). Екінші сетте Тимофей қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ. Есеп - 6:0.
Тимофей финалға шығу үшін әлемнің 308-ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборен немесе рейтингте 341-сатыдағы испаниялық Хавьер Косано Барранконың біреуімен кездеседі.