• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қыркүйек, 2022

Федоров – әлем чемпионы

328 рет
көрсетілді

Аустралияның Вуллонгонг қаласында өткен велоспорттан әлем чемпионаты мәресіне жетіп, қазақстандық велошабандоздар бір алтын медаль жеңіп алды.

23 жасқа дейінгі велоспортшылар арасындағы жарыста Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Astana Qazaqstan Team велоклубының өкілі Евгений Федоров алдына жан салмады. 170 шақырымға созылған қашықтықты отандасымыз 3 сағат 57 минут 08 секундта жүріп өтіп, әлем чемпионы атанды. Федоровтан бір секундқа қалып қойған чехиялық велошабандоз Матиас Вачек күміс жүлдеге қол жеткізсе, норвегиялық Сорен Вереншельд қоланы қанағат тұтты.

Бұл – Қазақстан ұлттық құрамасының 23 жасқа дейінгі велоспортшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алған екінші алтыны. Бұған дейін Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионы Алексей Луценко 2012 жылы дәл осы санатта жаһандық доданың бас жүлдесін олжалаған болатын.