• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қыркүйек, 2022

Салықтан жалтарғандар банктік қызметтерді ала алмайды

299 рет
көрсетілді

1 қазанда жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталады. Осыған байланысты 65 мыңнан астам алматылық банктік қызметтерді алу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство хабарлағандай, салық төлемеген азаматтар банк шоттарын ашу, аударым жасау, несие рәсімдеу және басқа да қызметтерден айырылады.

«Жеке меншік құқығында жеке үйлері, пәтерлері, саяжай құрылыстары, гараждары және өзге де құрылыстары бар тұлғалар салық төлеушілер болып саналады. Төлеу мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалғанына қарамастан, 65 215 тұрғын жалпы сомасы 945 миллион теңге салық төлемеген. Төленбеген салықтың ең ірі сомасы Бостандық ауданының тұрғынына тиесілі, оның берешегі шамамен 15 миллион теңгені құрайды», деп хабарлады қалалық МКД.

Айта кетсек, мерзімі өткен әрбір күн үшін Ұлттық банк белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

«Салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларына салықтық бұйрықтарды жібереді, олар борышкерлерге қатысты шараларды, оның ішінде мүлік пен банк шоттарына тыйым салу, сондай-ақ шетелге шығуға шектеу щараларын қолданады. Салықтарды төлемеумен байланысты жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін жақын күндері жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуге шақырамыз. Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады», деп толықтырды департаменттен.