26 қыркүйекте Көк Жайлау шатқалында Алматы қаласының Медеу ауданындағы тау бөктерінде қураған ағаш өртенді. Бұл туралы қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабар таратты, деп жазады Egemen.kz.
Қураған ағаштар 1720 метр биіктікте жанып кеткен.
«Оқиға орнына қалалық ТЖД, Іле-Алатау МҰТП, «Қазавиаорманқорғау» АҚ күштері мен құралдары жұмылдырылды», делінген хабарламада.
Айта кетсек, өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылған.