Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ОКҚ брифингінде Қазақстанда бизнес жүргізуге ниеттенген этникалық қазақтар үшін жеңілдетілген тәртіппен виза берілетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Әлемдік тәжірибеге сүйеніп, біз қандастар үшін «қазақ картасын» енгізгіміз келеді. Қазақстанда бизнес ашып, еліміздің дамуына үлес қосқысы келетін этникалық қазақтарға ыңғайлы жағдай жасауымыз қажет», деді министр.
Ведомство басшысының айтуынша, арнайы визалар жеңілдетілген тәртіппен және 10 жылға дейін уақытша тұру мүмкіндігімен беріледі.