Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі Президент мінген ұшақтың жерге қону сәті бейнеленген видео жариялады.
Еске сала кетсек, 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жаңа әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Президентке өңірдің 2022 жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.