• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 27 Қыркүйек, 2022

Президенттің Түркістан облысы жұртшылығымен кездесуі басталды

1398 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесуін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түркістан – Атажұртымыздың алтын қазығы. Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі», деп Президент жиындағы сөзін бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде өткен жылы қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін еске салды.

«Қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыз осында жерленген. Былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілді. Бұл Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді деген сөз. Ал, біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын. Қастерлі шаһар көне заманнан бері ұлттың ұясы, қазақтың қара шаңырағы болып келеді», деді Мемлекет басшысы.