• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қыркүйек, 2022

Ақтөбе облысында жол апатынан ресейлік азамат қаза тапты

279 рет
көрсетілді

Ақтөбе облысында жол апатынан ресейлік азамат қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Самара-Шымкент» тас жолының 999-шақырымында Аралтоғай ауылының маңында «Тойота Камри» көлігін тізгіндеген Ресей Федерациясының 38 жастағы азаматы рульге ие бола алмай, көлік шұңқырға түсіп, аударылып кеткен. Оқиға салдарынан Ресей Федерациясының азаматы 34 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. 1983 жылы туған екінші жолаушы Әйтеке би аудандық  аурухананың хирургия бөліміне жатқызылды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.