Алматыда көпқабатты үйдің 18-қабатынан жасөспірім құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм 2007 жылы туған.
«Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», делінген Алматы ПД баспасөз қызметінде.
Тиісті сараптама тағайындалды.