Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны өз ауласында жеті келіден астам қарасора өсірген, деп хабарлайды Egemen.kz Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Риддер қаласының қылмыстық полиция қызметкерлері 35 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Ұсталған адамның тұрғылықты жерін тінту барысында үйдің ауласынан өсімдіктің 67 бұтасы табылды. Бұл салмағы 7 мың 350 граммды құрайтын қарасора болып шықты.
35 жастағы үй иесі түсіндіргендей, ол есірткі заттарын жеке пайдалану үшін өсірген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.