• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Қыркүйек, 2022

Жамбыл облысындағы фабрикада жұмысшы көз жұмды

205 рет
көрсетілді

Жамбыл облысындағы фабриканың шатыры опырылып, бір жұмысшы қаза тапты. Тағы үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

13 қыркүйек күні сағат 16:20 шамасында Сарысу аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Қазфосфат» ЖШС тиесілі орталық байыту фабрикасы ғимаратының шатыр плитасы құлағаны туралы ақпарат түсті. Ғимарат ішінде жұмыс істеген үш қызметкер түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Оқиға салдарынан кәсіпорынның 58 жастағы жұмысшысы оқиға орнында қаза тапты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, еңбек инспекциясы арнайы тексеру жүргізеді.