• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Қыркүйек, 2022

Президент Семейдегі аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді тапсырды

225 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы көлік дәлізін дамыту керегін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Абай облысы тоғыз жолдың торабында тұр, Ресеймен, Қытаймен шектесіп жатыр. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдалану үшін жолдарымыз сапалы әрі қауіпсіз болуы керек. Еліміздің көлік әлеуетін дамыту үшін Бақты арқылы Қытайға баратын теміржол желісін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл теміржолды міндетті түрде салуымыз керек. Үкімет осы мәселемен айналысады», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ ол өңірде «құрғақ порт», «логистикалық парк» салып, көлік дәлізін дамыту керегін айтты.

«Халықаралық маңызы бар күре жол Семей арқылы өтеді. Сондықтан, ең алдымен, қаладағы екі көпірді жөндеу қажет. Биыл мұнда жаңа көпірдің құрылысы басталды. Үкімет облыс әкімдігімен бірлесіп, оны үш жылда салып бітіруге тиіс. Сондай-ақ, аспалы көпірге күрделі жөндеу жүргізуді тапсырамын», деді Президент.