• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қыркүйек, 2022

Қостанай облысында заңсыз жұмыс істеген шетелдіктер ұсталды

171 рет
көрсетілді

Өзбекстанның сегіз азаматы Қостанай облысындағы шаруа қожалықтарының бірінде заңсыз жұмыс істеген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері Талапкер ауылында жүргізген рейд барысында ауданға жұмыс істеуге келген Өзбекстан тұрғындарын анықтады. Олар бидай жинаумен айналысқан және еңбек қызметіне құжаттары болмаған.

Жұмысшылар тәртіп сақшыларынан жасырынбақ болған. Көші-қон қызметінің қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, ер адамды ұстады.

Қостанай аудандық сотының үкімімен Өзбекстан азаматтары ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы, 5-бөлігі бойынша үш тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицияның хабарлауынша, олар 10 күн ішінде елден кетуге міндетті. Сонымен қатар жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды.