Жол апаты 1 қазанға қараған түні Талдықорған маңынан өтетін Алматы - Өскемен автожолында орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Toyota Hiace көлігінің 65 жастағы жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, белгісіз әйелді қағып кеткен. Егде жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.
Қазір әйелдің жеке басы анықталып жатыр. Марқұмның болжамды жасы 60-70 жас аралығында. Жүргізушінің айтуынша, әйел жол бойында отырған.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.