Оқиға 2 қазанда сағат 17:45 шамасында Омбы – Майқапшағай автожолының 549 шақырымында Аққулы ауылынан 25 км қашықтықта болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
40 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Logan көлігі кюветке қарай аударылып кеткен. – Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөліктің 35 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды. Жүргізуші мен төрт жолаушы (2021, 2003, 1981, 1969 жылы туған) түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – деп жазылған Павлодар облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сондай-ақ полиция автокөліктің арнайы айып тұрағына қамалғанын атап өтті. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.