• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Театр 05 Қазан, 2022

Шолпан Жандарбекованың есімі берілді

523 рет
көрсетілді

Театр тарихында аты алтын әріптермен жазылатын тұлғаның бірі, «Алаштың Ақтоқтысы» – Шолпан Жандарбекованың туғанына биыл 100 жыл.

Қарқаралы топырағынан шыққан сахна саңлағының есімін ұр­пақтар жадында мәңгі қалдыру үшін тағы бір ілкімді іс туған же­рінде жүзеге асты. Атап айтқанда, Үкімет қаулы­сымен туған топы­рағында, Қарқаралы аудандық мәдениет үйі бұдан былай Шол­пан Жандарбекова есімімен аталмақ.

– Белгілі қазақ актрисасы Шолпан Жандарбекованың есімін беру туралы шешім Үкіметтің қаулысымен бекі­тілген. Енді Мәдениет үйі актрисаның есімімен аталады. Мәдениет үйінің сахнасынан біздің атақты жерлесіміздің ізбасарлары көптеп шығарына сенім мол, – дейді Қар­қаралы ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Баршын Жұ­ма­ханова.

Өмірі өнермен егіз өрілген Шолпан Жандарбекова 1922 жылы 1 қаңтарда Қарқаралы ауданы Милыбұлақ ауылында дүниеге келген. Алматы қаласындағы театр-көркемсурет училищесін тәмамдаған. Мұх­тар Әуезов атын­дағы қазақ драма театрының актрисасы болған Ш.Жандарбекова 200-ден астам рөл сомдапты. Сонымен қатар кино саласында да, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында да ізі қалған.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы ауданы