Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2023 жылға арналған діни күндер күнтізбесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz
Діни күндер кестесі ҚМДБ сайтында жарияланған.
Күнтізбеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 23 наурызда басталып, 20 сәуірде аяқталады. Ораза айт 21 сәуірге, ал Қадір түні 18 сәуірге қараған түні түседі. Үш күнге созылатын Құрбан айттың бірінші күні 28 маусымға келеді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы хижра айларының басталуы Халықаралық астрономиялық зерттеулер орталықтарының мәліметтеріне негізделгенін түсіндірді.
«Діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін», деп ескертті ҚМДБ мамандары.