Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында автобус шатқалға құлап, 20 адам қаза тапты. 21 адам жарақат алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сейсенбі күні кешке Уттаракхандтың Паури Гархвал ауданында 40-тан аса жолаушысы бар автобус тереңдігі бірнеше жүз метрлік шатқалға құлап кеткені хабарланды. Жергілікті полиция мен төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына дереу жеткен. Қазіргі уақытта 20 құрбанның денесі табылды, 21 адам құтқарылды. Іздеу жұмыстары жалғасуда.
Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди әлеуметтік желіде қаза болғандарға көңіл айтып, үкіметтің қаза тапқандардың отбасылары мен зардап шеккендерге қажетті көмек көрсететінін хабарлады.
Уттаракханд таулы аймақтарында мұндай оқиғалар жиі болады. Маусым айының басында осы шатқалды автобустың соқтығысуы салдарынан 25 адам қаза тапқан еді.