• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №354

329 рет
көрсетілді

2014 жылғы 14 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін. 2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп: 1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін; 2) 2014 жылғы 15 маусымға қарай Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2014 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі №354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары 1. Ағымдағы жағдайды талдау 2014 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі – ҮИИДМБ) алғашқы бесжылдығы аяқталады. ҮИИДМБ алдын ала қорытындысы оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізгенін айғақтайды. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2008 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 22,5 % ұлғайды, өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігінің деңгейі 37,3 мың АҚШ долларынан 58,5 мың АҚШ долларына дейін ұлғайды. ҮИИДМБ іске асыру шеңберінде 651 жоба пайдалануға беріліп, оларда 67 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Оң үрдістерге қарамастан, республикада салалардың дамуындағы теңгерімсіздік сақталып отыр, экономиканың өсуіндегі өндірістік секторлардың маңыздылығы төмендеп барады, негізгі капиталға шетелдік инвестицияның құйылуы және республика экспортындағы шикізат емес өнімнің үлесі азаю үстінде. Егер өңдеу өнеркәсібі өнімінің өсу серпінін қарастыратын болсақ, оның қарқыны соңғы жылдар ішінде төмендеп кеткен: өсу қарқыны 13,6 %-ға жеткен 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылдың қорытындысы бойынша өсу деңгейі тек 1,6% болып отыр. Бұдан басқа, жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) озыңқы қарқынмен өсуі есебінен оның да құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі азайып келеді. 2010 – 2013 жылдар ішінде өңдеу өнеркәсібі секторының ЖІӨ-ге үлесі 0,7 пайыздық тармаққа қысқарып, 10,6 %-ды құрады. Бұл ретте ҮИИДМБ-ның 2015 жылғы нысаналы индикаторы өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ құрылымындағы үлесін кемінде 12,5 % деңгейіне дейін жеткізу болып табылады. Секторды қаржыландыруды қалпына келтіру процесінің ұзаққа созылуы өңдеу өнеркәсібінегі өсу қарқынының баяулауының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Соңғы тоғыз жыл ішінде өңдеу өнеркәсібіне кредит берудегі үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: 1) дағдарысқа дейінгі кезең (2008 жылға дейін) – екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) несие қоржынының біртіндеп ұлғаюы; 2) дағдарыс кезеңі (2008 – 2010 жылдар) – кредит беруді тоқтата тұру және несие қоржынын 440 – 455 млрд. теңге деңгейінде тіркеу; 3) дағдарыстан кейінгі кезең – соңғы 4 жылда қоржынның 455 млрд. теңгеден 876 млрд. теңгеге дейін 2 есеге артуы. 2010 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының іске қосылуы ЕДБ кредит беруі үшін өңдеуші секторды тартымдырақ етті. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың көрсетілген бағдарламада көзделген сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру сияқты шаралары жыл сайын берілетін қаржы көлемін 383 млрд. теңгеден 938 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл шаралар ЕДБ-дағы өтімділікті экономиканың басым секторларына кредит беруге тартуға бағытталған болатын. ЕДБ-ны мемлекет тарапынан қорландыру жүзеге асырылған жоқ. Дегенмен, қазіргі уақытта өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бәсеңдеген кезде экономиканың осы секторының кәсіпорындары үшін, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) үшін қаржы қаражатына деген тапшылықтың қалыптасқаны айқындала түсті. Егер өңдеу өнеркәсібі өнімінің жалпы көлеміндегі ШОК өнімінің үлесін қарастырар болсақ, 2010 – 2013 жылдары ол 22,8 %-дан 15,4 %-ға дейін төмендеген. Мұндай төмендеу ЕДБ кредиттерінің жалпы көлемінде өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлікке берілетін кредиттер үлесінің азаюы аясында орын алғанының маңызы аз емес: 2010 жылғы 19,4 %-дан 2013 жылы 12,3 %-ға дейін азайды, ал 2013 жылы жедел деректер бойынша кредиттің абсолютті мәнде 20 млрд. теңгеге азаюымен бірге, өңдеу өнеркәсібіндегі ШОК өнімін шығару 85 млрд. теңгеге төмендеді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) зерттеу деректері бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының кредитке деген сұранысы жалпы экономикаға қарағанда жоғары. ЕДБ ұсынатын сыйақы мөлшерлемелері экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар межелегеннен едәуір жоғары. Өңдеу өнеркәсібіндегі ұзақ мерзімді кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі орта есеппен 11,4 % деңгейінде болса, ҚРҰБ зерттеуіне сәйкес экономиканың нақты секторындағы (оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі) кәсіпорындар үшін қолайлы пайыздық мөлшерлеме теңгемен 8,7 % және шетел валютасында 6,9 % деңгейінде. Соңғы бірнеше жылдар бойы межелі (қолайлы) пайыздық мөлшерлеме деңгейін экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың азайту үрдісі байқалып келеді, яғни экономиканың басым секторларындағы кәсіпорындар бүгінде неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлеме бойынша қарыз капиталын қажет етеді. Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарына кредит беруге деген ЕДБ қызығушылығы өткен кезеңмен салыстырғанда біршама төмендеп кетті –кредит бөлгісі келетін ЕДБ саны 47 %-дан 35 %-ға дейін азайды. Сондай-ақ, теңгенің құнсыздануы да өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қаржыландыруға келеңсіз әсерін тигізді. Банктік емес заңды тұлғалар кредиттерінің 37 %-ға жуығын шетел валютасындағы кредиттер құрайды. Бағамдық айырма нәтижесінде кредиттерге қызмет көрсету бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына түсетін жүктеме 570 млрд. теңгеге немесе жиынтық несие берешегінің 7 %-ына өсті. Осылайша, өңдеу өнеркәсібінің жобалары үшін кредит қаражатының қолжетімділігін арттыру қажеттігі өндеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді. 2. Мақсатқа қол жеткізу және алға қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі кейіннен өндеу өнеркәсібіндегі ШОК жобаларына кредит беру үшін ЕДБ қаржыландыру бойынша шара қолданылатын болады. Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОК жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырудың жалпы көлемі 100 млрд. теңгені құрайды. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Даму» КДҚ» АҚ) қаражатын өндеу өнеркәсібіндегі ШОК субъектілерін қаржыландыру үшін ЕДБ-ге шартты түрде орналастыру жолымен жүзеге асырылады. Бұл мақсат үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) облигациялар айналысы басталған күннен бастап 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100 млрд. теңге сомасына облигациялар шығару жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қарыз алуды жүзеге асырады. Облигациялық қарызды өтеу мерзімі – айналыс мерзімінің соңында, 2024 жылдан бастап эмитенттің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығы болады. Қаражат алғаннан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Даму» КДҚ» АҚ-на жасалған тиісті Кредит шартының талаптарына сәйкес мерзім соңында қаражатты бір сомамен өтеу шартымен жылдық 0,15% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге 100 млрд. теңге сомасына кредит береді. 3. Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері ЕДБ тізбесі мен олар бойынша лимиттер сомасы Қазақстан Республикасының Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) тиісті шешімімен айқындалады. Мемлекеттік комиссия соңғы қарыз алушылар үшін сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қалыптастыру тәсілдерін айқындайды. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ және ЕДБ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражат бойынша төлемдер өткізу үшін ҚРҰБ-да жеке банктік шот ашады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Даму» КДҚ» АҚ-ның ҚРҰБ-дағы жеке банктік шотына осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Кредит шартына сәйкес қаражат сомасын орналастырады. «Даму» КДҚ» АҚ осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕДБ-мен Кредиттік келісімдер жасауды жүзеге асырады. «Даму» КДҚ» АҚ алынған кредит қаражатын ЕДБ-да жылдық 2,0 %-дан аспайтын мөлшерлемемен орналастырады. «Даму» КДҚ» АҚ кредит қаражатын ЕДБ-ның ҚРҰБ-дағы жеке банктік шотына орналастыруды Мемлекеттік комиссия мақұлдаған лимиттер шегінде қамтамасыз етпей жүзеге асырады. ЕДБ кредит беру валютасы – теңге. ЕДБ кредит беру мерзімі – 20 жылға дейін. ЕДБ үшін «Даму» КДҚ» АҚ-дан қаражат тарту мөлшерлемесі мен ШОК субъектілеріне кредит беру мөлшерлемесі арасындағы айырма жылдық 4,0%-дан аспауы тиіс. ЕДБ-ның кредит қаражатын игеру мерзімі – қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап 6 ай. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу шарттары мен тәртібі Кредиттік келісімде белгіленеді. ЕДБ орналастырылған кредит қаражатының мақсатты пайдаланылуы мен игерілуі бойынша «Даму» КДҚ» АҚ алдында есеп береді. ЕДБ есептерін ұсыну тәртібі, нысаны мен кезеңділігі, сондай-ақ ЕДБ-ге кредит берудің осы Жоспарда көзделмеген өзге де шарттары Кредиттік келісімде белгіленеді. ЕДБ бөлінетін қаражатты ШОК субъектілерінің қолданыстағы инвестициялық кредиттерін алынған қаражат сомасының 50 %-ына дейін қайта қаржыландыру мақсатына жібереді. Бұл талап кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бағдарламаларына («Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы, «Даму Өндіріс» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Сауықтыру бағдарламалары) қатысатын қолданыстағы қарыздарға таратылмайды. Соңғы қарыз алушылардың техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесінің С секциясының (Өңдеу өнеркәсібі) 10-бөліміне (Тамақ өнімдерінің өндірісі) және 11-бөлімінің (Сусындар өндірісі) 11.06. және 11.07-сыныбына сәйкес келетін, экономика саласында іске асырылатын жаңа жобаларын қаржыландыру мақсатына Банк жіберетін қарыздардың үлесі – Кредит сомасының кемінде 25 %. «Даму» КДҚ» АҚ босаған кредит қаражатын ЕДБ-ға қайтадан кредит беруге жұмсайды. Бөлінген қаражат мақсатына сай пайдаланылмаған және/немесе уақтылы пайдаланылған жағдайда, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ мен ЕДБ арасындағы Кредиттік келісімде көзделген жағдайлар орын алса, «Даму» КДҚ» АҚ Кредиттік келісімдерді мерзімінен бұрын бұзады және жоғарыда аталған бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты кері қайтарып алады. Босаған және кері қайтарып алынған қаражатты ЕДБ арасында қайта бөлу жөніндегі мәселе Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарылады. 4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары Нысаналы топ – техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесіне сәйкес жобаларын өңдеу өнеркәсібінде іске асыратын ШОК субъектілері. Мынадай: 1) акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобаларды іске асыратын; 2) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей және жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар болып табылатын ШОК субъектілері қатысушы бола алмайды. Кредиттер ШОК субъектілеріне мақсатты пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарымен беріледі. Кредит валютасы – теңге. ШОК субъектілеріне кредит беру мақсаты: 1) негізгі құралдардың жаңаларын сатып алу, құру және қолданыстағыларын жаңғырту; 2) әрбір ЕДБ-ге кредит қаражаты сомасының 50%-ына дейін қолданыстағы инвестициялық кредиттерді қайта қаржыландыру. Басқа шарттар Кредиттік келісімде айқындалады. ШОК Субъектілері үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6,0 %-дан аспайды; Бір ШОК Субъектісіне берілетін ең көп қаржыландыру лимиті 1 850 000 000 теңге. ШОК Субъектілеріне кредит беру мерзімі – 10 жылға дейін. Соңғы қарыз алушылардың техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесінің С секциясының (Өңдеу өнеркәсібі) 10-бөліміне (Тамақ өнімдерінің өндірісі) және 11-бөлімінің (Сусындар өндірісі) 11.06. және 11.07.-сыныбына сәйкес келетін, экономика саласында іске асырылатын жаңа жобаларын қаржыландыру мақсатына Банк жіберетін қарыздардың үлесі – кредит сомасының кемінде 25 (жиырма бес) %-ы. 5. Екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар Халықаралық рейтинг агенттігі берген кредит рейтингінің «В-» төмен болмауы. Қазақстан Республикасының кемінде 5 өңірінде филиалдар желісінің болуы. Қаражат берілген күні жұмыс істемей тұрған кредиттерінің деңгейі 15 %-дан жоғары ЕДБ үшін ҚРҰБ-мен жеке келісім жасасу талабы қосымша белгіленеді. Жеке келісімде ЕДБ-ның жұмыс істемей тұрған кредиттер деңгейін ҚРҰБ белгілеген мерзімде 15 %-ға дейін төмендету міндеті көзделетін болады. ЕДБ жеке келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда, қаражатты «Даму» КДҚ» АҚ-ға қайтару көзделеді. 6. Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары Осы Жоспар шеңберінде қаражат алатын ШОК субъектілерінің жаңа жобаларын қаржыландыруды ынталандыру үшін «Даму» КДҚ» АҚ «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы жаңа жобалар бойынша кредит сомасының 10 %-ынан 20 %-ына дейінгі мөлшерде кредиттерге міндетті түрде кепілдік беру тетігін қолдана алады. 7. Мониторинг «Даму» КДҚ» АҚ: 1) ЕДБ-ның қаражатты мақсатты пайдаланылуы мен уақтылы игерілуіне; 2) ШОК субъектілері алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады. «Даму» КДҚ» АҚ осы Жоспарды іске асыруға қатысатын ЕДБ-ның қаржы-экономикалық жағдайын талдауды тұрақты түрде жүзеге асыратын болады. ЕДБ «Даму» КДҚ» АҚ-ға тұрақты түрде қаражаттың игерілуі туралы есеп жіберіп тұрады, есеп беру нысаны мен мерзімдері тиісті Кредиттік келісімде көрсетіледі. ЕДБ қаржыландырылған ШОК субъектілеріне мониторинг жүргізеді. Бұл ретте ШОК субъектісінің қаржыландырылған әрбір жобасы бойынша жеке кредит досьесі жүргізіледі, онда ШОК субъектісінің қаражатты мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталуы тиіс. «Даму» КДҚ» АҚ Жоспар шеңберінде бөлінетін қаражат бойынша ЕДБ төлем тәртібін қадағалайтын болады. «Даму» КДҚ» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға қаражаттың игерілуі туралы ақпарат береді. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 1-қосымша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын орналастыру туралы кредит шарты Астана қ. 2014 жылғы « __» ________ Бұдан әрі «кредитор» деп аталатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы атынан ____________ негізінде әрекет ететін ______________ және бұдан әрі «қарыз алушы» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы атынан ____________ негізінде әрекет ететін ______________, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», жеке алғанда жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар төмендегілер жөнінде осы Кредит шартын (бұдан әрі – Шарт) жасасты. 1. Шарттың мәні 1. Кредитор осы Шарт талаптарына сәйкес Шартта көзделген талаптарда және тәртіппен қарыз алушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан кредит қаражатын (бұдан әрі – кредит) береді. 2. Шарт жасасу негіздері 1. Шарт жасасу мен іске асыру үшін мыналар негіз болып табылады: 1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес отырысының 2014 жылғы «___» ________ № ___ хаттамасы; 2) Қазақстан Республикасының Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2014 жылғы «___» ________ № ___ хаттамасы; 3) кредитордың Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы «___» __________шешімі (№ ___ хаттама); 4) кредитордың Басқарма отырысының «___» __________ шешімі (№ ___ хаттама); 5) қарыз алушының Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы «___» __________шешімі (№ ___ хаттама); 6) қарыз алушының Басқарма отырысының 2014 жылғы «___» __________ шешімі (№ ___ хаттама). 3. Кредиттің негізгі шарттары 1. Кредит мынадай шарттармен беріледі: 1) Кредит сомасы – 100 (жүз) миллиард теңге; 2) Кредит мерзімі – «____ » __________ ж. дейін; 3) сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 0,15 % (нөл бүтін жүзден он бес пайыз); 4) Кредит валютасы – теңге; 5) Кредиттің нысаналы мақсаты – өңдеу өнеркәсібінің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушы арқылы қаражатты шартты түрде орналастыру; 6) негізгі борышты төлеу – кредит мерзімінің соңында; 7) сыйақы төлеу – сыйақы төлеудің алғашқы мерзімі: ____жылғы «____» __________ . Одан кейін сыйақы төлеу: Шарттың осы тармақшасында қарастырылған бірінші төлем уақытынан бастап жартыжылдық төлемдермен. Сыйақы төлеу күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлем жұмыс істемейтін күннен кейінгі бірінші жұмыс күні жүзеге асырылады. Шартта анықталған мөлшерлеме бойынша сыйақы есептеу қарыз алушының арнайы шотына түскен күнінен бастап негізгі борыш толық өтелген күнге дейін кредит бойынша негізгі борыш сомасына жүзеге асырылады. Негізгі борыштың бүкіл сомасы кредитордың арнайы шотына түскен күн негізгі борыштың толық өтелген күні болып есептеледі. Сыйақы бір жылдағы 360 (үш жүз алпыс) және айына 30 (отыз) күн есебінен есептеледі. Қазақстан Республикасының Салық заңнамасында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, кредиторға төленетін сыйақыдан төлем күнінде қолданыстағы сыйақы бойынша төлем көзінен корпоративтік табыс салығы ұсталады. Бұл ретте, сыйақы төлеген кезде төлем тапсырмасында төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының сомасын көрсету қажет, сондай-ақ тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күнінен кешіктірмей, әр айға бөле отырып, кредиторға төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығының ұсталғаны және төленгені туралы анықтама беру қажет: 8) қамтамасыз ету – қамтамасыз етілмейді; 9) төлемдерді қабылдау реттілігі мынадай кезектілікпен: тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұлдар); Шартты орындаумен байланысты және қарыз алушы өтеуге тиісті шығыстар сомалары және кредитор шеккен шығындардың сомалары; есептелген сыйақы; Кредит бойынша негізгі борышты өтеу; 10) қарыз алушының бастамасы бойынша мерзімнен бұрын өтеуге шектеу (мораторий) – кредит берілген күнінен бастап 20 (жиырма) жыл. 4. Кредит беру және қайтару тәртібі 1. Кредит беру Шарт күшіне енгізілген күнінен бастап __ (___) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. 2. Кредит беру қарыз алушының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған № _____________арнайы банктік шотына (Шарт мәтіні бойынша – қарыз алушының арнайы шоты) аудару арқылы жүзеге асырылады. 3. Қарыз алушы кредитті қайтаруды және сыйақы төлеуді кредитордың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған № _____________ арнайы шотына (Шарт мәтіні бойынша – кредитордың арнайы шоты) ақша аудару арқылы жүргізеді. 4. Қарыз алушы кредит бойынша негізгі борышты қайтару, сыйақыны, тұрақсыздықты (айыпұл, өсімпұл) және Келісімшартта қарастырылған өзге де төлемдерді төлеу жөніндегі өзінің міндеттемелерін толық көлемде орындаған кезде кредит өтелді деп есептеледі. 5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 1. Кредитор: 1) қарыз алушыдан кредитті игеру, мақсатты пайдалану, қызмет ету және қайтару туралы ақпаратты сұрауға және алуға, сондай-ақ қажетті тексерістер жүргізуге; 2) қарыз алушы кредит бойынша негізгі борышты қайтару және сыйақы төлеу жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда, Шартқа сәйкес қайтару бойынша төлем жүзеге асырылуы тиіс күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кейін, сондай-ақ қарыз алушы кредитті мақсатты пайдалану жөніндегі міндеттемелерін бұзған жағдайда (осындай бұзушылық анықталған күннен бастап кез келген уақытта): Қарыз алушы алған кредитті есептелген сыйақымен бірге мерзімінен бұрын өтеуді, Шартта қарастырылған тұрақсыздық айыбының және келтірілген шығындар мен өзге төлемдерді төлеуді қарыз алушыдан талап етуге; Қарыз алушының Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі кез келген банктерде (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелерде) ашылған банктік шоттарына қарыз алушының акцептін талап ететін төлем тапсырмаларын (шарттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе өзге де құжаттарды қоса бере отырып) беру жолымен қарыз алушының мерзімі өткен берешектерінің барлық сомасын талап етуге. Қарыз алушының банктік шотындағы ақша жеткілікті болған жағдайда, кредитордың төлем құжаты онда көрсетілген ақша сомасына орындалуға тиіс, ал ақша жеткіліксіз болған жағдайда – қарыз алушының банктік шотының картотекасында сақталуға тиіс. Ақшаны басқа валютада (кредит валютасынан басқа) алған жағдайда, алынған ақшаны кредит валютасына айырбастау қарыз алушының есебінен жүргізіледі; Кредитті мақсатты пайдаланбағаны үшін (мақсатты пайдаланбау анықталған кезде) Шартта көзделген айыппұлды төлеуді талап етуге; Шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де кез келген іс-қимылдарды жүзеге асыруға; 3) қарыз алушы осы баптың 4-тармағының 3), 5), 8), 11), 13), 14) және 15) тармақшаларында қарастырылған міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде қарыз алушыдан сыйақыларды және Шарт бойынша кредиторға тиесілі өзге де сомаларды төлеп, берілген кредитті мерзімінен бұрын қайтаруды және/немесе Шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге; 4) қарыз алушы Шарттың 5-бабының 4-тармағының 4), 6), 9), 10) және 16) тармақшаларында қарастырылған міндеттерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде қарыз алушыдан Шартта қарастырылған тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы. 2. Кредитор: 1) Шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Шартқа сәйкес қарыз алушының банктік және коммерциялық құпиясы болып табылатын және Шарт талаптарына сәйкес қарыз алушы ұсынатын ақпаратта қамтылатын мәліметтердің құпиялығын сақтауға; 2) Шартта көрсетілген мерзімнен кешіктірмей қарыз алушының шотына кредиттің аударылуын қамтамасыз етуге міндеттенеді. 3. Қарыз алушы: 1) кредитордан Шарт талаптарын толық, нақты және уақтылы орындауға қажетті ақпаратты сұрауға және алуға; 2) Шартта көрсетілген мерзімде кредит алуға; 3) Келісімшартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да құқықтарын жүзеге асыруға құқылы. 4. Қарыз алушы: 1) Шартқа сәйкес кредитор алдындағы міндеттемелердің орындалуын жүзеге асыруға; 2) толық көлемде және Шартта белгіленген мерзімде кредитті қайтаруға және сыйақы төлеуге; 3) осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайда, кредитор тиісті хабарлама жіберген күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде кредит сомасын, есептелген сыйақыны және Шарт талаптары бойынша кредиторға тиесілі өзге де сомаларды қайтаруға; 4) Кредитордың өкілдерін мақсатты тексерулер жүргізу үшін жұмыс уақытында қызметтік және басқа үй-жайларға кіргізуге және осындай тексерулер барысында жан-жақты көмек көрсетуге; 5) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін осы Шарт бойынша құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаларға бермеуге және табыс етпеуге; 6) кредитор белгілеген мерзімде Шарт талаптарына сәйкес ол талап ететін ақпаратты және құжаттарды, оның ішінде кредиттің мақсатты пайдаланылуы туралы есепті қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей беруге; 7) кредитті Шартта қарастырылған нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға; 8) кредит қаражатын депозитте (салым үшін) орналастырмауға, қандай да болмасын қаржы құралдарына және/немесе олармен жасалатын операцияларға инвестицияламауға, шетел валютасын сатып алу үшін валюта нарығына бағыттамауға, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер тарапынан осы тармақшаның орындалуын қамтамасыз етуге; 9) Шартқа қол қойылған күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредиторға Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі кез келген банктердегі (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелердегі) қарыз алушының барлық банктік шоттарының тізбесін, сондай-ақ олардың алдындағы қарыз алушының берешектерінің бар-жоғы және мөлшері туралы мәліметтерді беруге; 10) Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі кез келген банктерде (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелерде) жаңа банктік шот ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кредиторға: банктік шот ашылған банктің (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелердің) атауы, шот нөмірі, БСК, шот валютасы туралы жазбаша мәліметтер беруге; 11) қарыз алушының Шарт бойынша өз міндеттемелерін бұзуы нәтижесінде кредитор нақты шеккен және құжаттамамен расталған шығындарды өтеуге; 12) кредитті пайдалануға байланысты үшінші тұлғалармен жасалатын шарттарға берілген/аударылған ақша сомалары туралы мәліметтерді қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер мен шарт бойынша міндеттемелердің орындалғаны туралы мәліметтерді кредиторға, сондай-ақ кез келген уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ашуға екінші тараптың келісім беруі туралы ереже енгізуге; 13) кредит қаражатын пайдалану кезінде оларды қолма-қол ақшаға айналдыруға жол бермеуге, оның ішінде консалтингтік көрсетілетін қызметтерді және оффшорлық компанияларға аударымдарды болдырмауға; 14) Шарт қолданылатын бүкіл мерзім ішінде кредит қаражаты есебінен кез келген ақша аударымдарын қарыз алушының арнайы шоты арқылы ғана жүзеге асыруды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қарыз алушының арнайы шотына кредит қаражаты мен Шарт бойынша Қарыз алушының міндеттемелерін орындауға арналған ақшадан басқа, кез келген өзге ақша қаражатының аударылуына жол бермеуге; 15) кредитті екінші деңгейдегі банктер тарапынан басқа қаржы құралдарына айналдыруды қоса алғанда, оны кез келген қайта құрылымдауды болдырмауды қамтамасыз етуге; 16) Шарт талаптарын мүлтіксіз орындауға, сондай-ақ ақша қаражатын алған екінші деңгейдегі банктердің оны нысаналы мақсаты бойынша пайдалануын қамтасыз етуге міндеттенеді. 6. Тараптардың жауапкершілігі 1. Қарыз алушы кредит сомасын және есептелген сыйақыны Шартта белгіленген мерзімде және талаптарға сәйкес қайтару бойынша міндеттемелерді бұзған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан кредиторға мерзімі өткен әрбір күн үшін мерзімі өткен берешек сомасының 0,1 % (нөл бүтін оннан бір пайызы) мөлшерінде, бірақ кредит бойынша негізгі борыш сомасының 10 % (он пайызынан) аспайтын мөлшерде өсімпұл төлеуді талап етуге құқылы. 2. Кредиттің мақсатты пайдаланалуы бұзылған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан Кредиттің мақсатсыз пайдаланылған сомасын (бөлігін) мерзімнен бұрын қайтаруды және (немесе) мақсатсыз пайдаланылған соманың 10 % (он пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы. 3. Шарттың 5-бабы 4-тармағының 8) тармақшасында көзделген тыйымдар бұзылған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан кредит сомасын мерзімінен бұрын қайтаруды және (немесе) Шарттың 5-бабы 4-тармағының 8) тармақшасында тыйым салынған мақсаттарға жұмсалған қаражат сомасының 10 % (он пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы. 4. Қарыз алушы Шарттың 5-бабы 4-тармағының 4), 6), 9), 10), 16) тармақшаларында қарастырылған міндеттемелерді бұзған жағдайда, кредитор қарыз алушыдан міндеттемелерді бұзудың әрбір фактісі үшін кредит сомасының 0,0001 % (нөл бүтін он мыңнан бір пайызы) мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеуді талап етуге құқылы. 5. Шарттың өзге де талаптары орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады. 6. Шарт бойынша міндеттемелер орындамаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда, тұрақсыздық айыбын (өсімпұл, айыппұл) төлеу және шығындардың орнын толтыру қарыз алушыны бұзған міндеттемесін тиісінше орындау міндетінен босатпайды. 7. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары 1. Егер Шарт бойынша міндеттемелерін орындамау Шарт жасалған соң Тараптар алдын ала болжай алмайтын, ойға қонымды шаралармен алдын алуға болмайтын төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижесінде орын алған еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы баптың 4 және 5-тармақтарына сәйкес осы мән-жайлардың әрекет ету мерзіміне Тараптар міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. 2. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары орын алған жағдайда, Шарт бойынша мiндеттемелердi орындау мерзiмi осындай жағдайлар мен салдары созылатын уақытқа тең мерзiмге кейiнге шегеріледі. 3. Еңсерілмейтін күш мән-жайларына Тараптар ықпал ете алмайтын және олардың туындағаны үшін жауапты болмайтын оқиғалар жатады. 4. Осындай мән-жайларға сілтеме жасаған Тарап 5 (бес) жұмыс күні iшiнде екінші Тарапты осындай мән-жайлардың орын алғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті. Екінші Тараптың талап етуі бойынша мұндай мән-жайлардың басталған соң құзыретті орган берген куәландыратын құжат көрсетілуі тиіс. 5. Тарап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудың межеленген мерзімін көрсете отырып, мұндай мән-жайлардың әрекет етуінің тоқтағаны туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті. 8. Дауларды шешу 1. Тараптар Шарт талаптарын орындау барысында өздерінің араларында туындауы мүмкін барлық даулар мен келіспеушіліктерді келіссөздер жүргізу жолымен шешуге міндеттенеді. 2. Егер келіссөздер басталғаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде Тараптар Шартқа қатысты дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады. 3. Даулар мен келіспеушіліктердің орын алуы Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерін орындаудан босатпайды. 9. Құпиялылық 1. Тараптар Шарттың және оған қосымша келісімдердің талаптарын өздерінің орындауы нәтижесінде екі Тарап та алған қаржылық, коммерциялық және өзге ақпараттың құпиялылығын қатаң сақтауға және олардың жария етілуін болдырмау үшін қажетті барлық ықтимал шараларды қабылдауға міндетті. 2. Жоғарыда көрсетілген ақпаратты үшінші тұлғаларға беруді, ақпаратты жариялау немесе өзге түрде жария етуді Тараптардың бірі тек мұндай беру талаптарын екінші Тараппен алдын ала жазбаша келіскеннен кейін ғана жүзеге асырады. 3. Осы бапта көзделген құпиялылық (және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктік құпия) туралы ережелер мынадай жағдайларда қолданылмайды: 1) Шарт бойынша қарыз алушының берешектерін өтеу үшін қарыз алушының барлық банктік шоттарынан кредитордың акцептісіз ақша алуы және осыған байланысты өзге банктерге (қаржылық, кредиттік ұйымдар мен мекемелерге) қажетті ақпарат беруі; 2) капиталдың ішкі және сыртқы нарықтарында қарыз алуды іске асыру мақсатында, оның ішінде рейтингілер алу үшін кредитордың үшінші тұлғаларға қажетті ақпарат беруі; 3) берілген сауалдар шеңберінде Кредитордың Қазақстан Республикасының Парламентіне, уәкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, Кредитордың акционеріне Кредит бойынша қажетті ақпарат беруі. 10. Қорытынды ережелер 1. Шарт Тараптардың уәкілетті өкілдері оған қол қойып, мөр бедерлері басылған күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар Шарт бойынша өздерінің барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін әрекет етеді. 2. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысына 1 (бір) данадан бірдей заңды күші бар бірдей 2 (екі) данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалды. 3. Осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар мөрлердің бедерлерін қоя отырып, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған Тараптардың жазбаша қосымша келісімдерімен ресімделеді. 4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер енгізілген жағдайда, Шарттың қандай да бір тармағы Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келсе, мұндай қайшылық Шарттың өзі жарамсыз дегенді білдірмейді. Мұндай қайшылық Тараптар арасындағы қосымша келісім арқылы жойылады. 5. Осы Шарттың талаптары мен міндеттемелерін орындаудан Тараптардың біржақты бас тартуына жол берілмейді. 6. Тараптардың бірінің деректемелері өзгерген жағдайда, соңғысы бұл туралы екінші Тарапты 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді. 11. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары кредитор: қарыз алушы: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту холдингі» акционерлік қоғамы қоры» акционерлік қоғамы ________________ ________________ м.о. м.о. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына 2-қосымша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін қаражатты екінші деңгейдегі банктерге орналастыру туралы кредиттік келісім Бұдан әрі «Қор» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы атынан ________ негізінде әрекет ететін ________________ және бұдан әрі «Банк» деп аталатын, «________» акционерлік қоғамы атынан ________ негізінде әрекет ететін ________________, бірлесіп «Тараптар», ал әрқайсысы жеке «Тарап» деп аталып, өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатын басшылыққа ала отырып, осы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен екінші деңгейдегі банктер арасындағы өңдеу өнеркәсібі саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне кейіннен кредит беру үшін қаражатты екінші деңгейдегі банктерге орналастыру туралы № ___ кредиттік келісімді (бұдан әрі – Келісім) жасасты. 1. Келісімде пайдаланылатын анықтамалар мен ұғымдар Осы Келісімде мынадай анықтамалар мен ұғымдар пайдаланылады: ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі; соңғы қарыз алушы – «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өлшемдерге сәйкес айқындалатын және өз Жобасын осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі саласында іске асыратын шағын және/немесе орта кәсіпкерлік субъектісі. Бұл ретте акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобаларды іске асыратын және құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей және жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар болып табылатын шағын және/немесе орта кәсіпкерлік субъектілері соңғы қарыз алушы бола алмайды; банктік қарыз шарты – соңғы қарыз алушыға осы Келісімде айқындалған мақсат үшін кредит қаражаты есебінен қарыз беру үшін Банк пен Соңғы қарыз алушы арасында жасалатын жазбаша келісім; кредит – осы Келісім негізінде Қор Банкке беретін ақша сомасы; қарыз – Банктік қарыз шартының талаптарына сәйкес соңғы қарыз алушыға Банк беретін ақша сомасы; кредитті игеру – Банктің соңғы қарыз алушылардың жобаларын осы Келісімде айқындалған талаптарда кредиттің бүкіл сомасына қаржыл