• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Қазан, 2022

Құқық үстемдігі – келісім кепілі

460 рет
көрсетілді

Конституциялық кеңестің төрағасы Қайрат Мәми Индонезияда КСДК Хатшылығы мен Индонезия Конституциялық соты ұйымдастырған «Конституциялық сот төрелігі және бейбітшілік» тақырыбындағы Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференцияның 5-конгресіне қатысты.

Конгресс жұмысына әлем­нің 90-нан астам елінен Консти­туциялық соттардың және оларға теңес­ті­рілген мекемелердің делегация­лары қатысты. Іс-шараның ашылу салтанатында Индонезия Респуб­ли­касының Президенті Джоко Ви­до­до мырза құттықтау сөз сөйледі.

Конгресс конституция мен конс­титуциялық соттардың қоғам­дағы әлеуметтік бей­біт­шілікті қолдаудағы рөлі, адам құқықтарын қорғау және заңның үстемдігін қамтамасыз ету мәсе­лелеріне арналған төрт сессиядан тұрды.

Қ.Мәми модераторлық еткен «Құқық қолдану» сессиясында қоғамдық келісім негізінде жатқан конституциялық ережелерді жүзеге асыру мәселелері қаралды. Сессия отырысын ашқан Қ.Мә­ми конституционализмді ны­ғай­ту және құқық үстемдігі қағи­дат­тарын күшейту бейбітшілік, келі­сім және мемлекеттің үдемелі да­муының кепілі екенін атап өтті. Конституциялық бақылау орган­дарының қызметі азаматтық бей­бітшілікті бұзудың ықтимал себептері болатын заңнамада және оны қолдану практикасында қайшылықтар мен олқылықтарды анықтаумен байланысты.

Форумға қатысушылар конс­ти­туциялық әділет органдарының бейбітшілікке, әлеуметтік және өзге де жанжалдарды реттеуге қа­тысты Конституцияның ереже­лерін түсіндіруі, сондай-ақ Конс­ти­туциялық соттардың қызметі мәселелерін талқылады.

119 елдің өкілдерін біріктіретін КСДК Бас Ассамблеясында бю­ро­ның жаңа мүшелері сайланды, оның қызметі туралы есеп жә­не мемлекеттердің қаржылық жар­на­ларының мөлшері бекітілді.

Конгресс аясында КСДК Бас хат­шысы Шнутс Дюрр мырза Еуропа Кеңесі Венеция комис­сия­сының мәліметтер базасының таныстырылымын өткізді.

Конгресс қорытындысы бо­йынша адам құқықтары мен демо­кратиялық құндылықтарды қорғау елдегі әлеуметтік бей­біт­шілікті қам­та­масыз етудің қа­жетті шарты көр­сетілген ком­мюнике қабыл­данды.

Сонымен қатар конгресс шең­берінде Қазақстан Конс­ти­туция­лық кеңесінің төрағасы Қ.Мә­мидің төрағалығымен Консти­туциялық бақылау органдарының Еуразиялық қауымдастығының (КБОЕҚ) отырысы өтті.

Кездесуге Әзербайжан, Арме­ния, Беларусь, Қырғыз Респуб­ли­касы, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Конституциялық соттарының делегациялары қа­тысты.

Отырысты ашқан Еуразиялық қауымдастық төрағасы Қ.Мәми өңірлік ұйым шеңберіндегі құқық­тық ынтымақтастық құқықтық мемлекет қағидаттарын бекіту сала­сында ақпарат пен тәжірибе алма­суға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қауымдастыққа қатысу­шылар құқықтық саладағы ынты­мақ­тастықтың негізгі бағыт­тарын, сондай-ақ Қазақстанда қа­уым­­дастықтың алғашқы кон­гре­сін өткізу мәселелерін талқылады.

Қазақстан Конс­ти­туция­лық кеңесінің төрағасы Азия конс­титуциялық соттары мен ба­ламалы институттар қауым­­дас­тығының (ААКС) оты­ры­сына қатысты. Жиынға ААКС-ның қазіргі төрағасы, Моң­ғо­лия Конс­ти­туциялық соты­ның төрағасы Чинбат Намд­жил мырза моде­ра­торлық етті. Де­лега­ция бас­шылары бір-бірін өз ел­дерінде болып жатқан маңыз­ды іс-шаралар мен одан әрі ын­ты­мақтастық жоспарлары туралы хабардар етті.

Тараптар Азия қауым­дас­ты­ғының құрылымдық бөлім­ше­лерінің қызметі туралы: Жос­парлау және үйлестіру хат­шы­лығы (Индонезия), Ғылыми зерттеулер және даму хатшылығы (Корея) жә­не Адам ресурстарын оқыту және дамыту орталығының (Түр­кия) ақпараттарын тыңдады.

Қауымдастықтардың кезде­су­лерінен кейін Конституциялық сот төрелігі жөніндегі дүниежүзілік конференция бюросының отырысы өтті. Жиынға Қ.Мәми Конс­­­­титуциялық бақылау орган­дары­ның Еуразиялық қауым­да­с­тығының басшысы ретінде қатысты.

КСДК бюросы 5-конгрестің қоры­тындылары бойынша қабыл­данатын коммюнике, Консти­ту­циялық соттар дүниежүзілік қауымдастығының қызметі туралы есеп жобаларын және басқа да мәселелерді қарады.