• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Қазан, 2022

Төртінші орынға тұрақтады

149 рет
көрсетілді

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жат­қан үстел теннисінен коман­да­лық әлем чемпионатында Қазақ­стан құра­масы топтан шыға алма­ды.

 

Соңғы турда Үндістан құрамасымен ойнаған жерлестеріміз 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Екі ел арасындағы тартысты бәсекеде Кирилл Герасименко екі матчта қарсыласынан басым түссе, Денис Жолудев (екі мәрте) пен Алан Құрман­ға­лиев үндістандық спорт­шы­ларға жол берді.

Үндістан құрамасы осы жеңісінен кейін екінші топта көш бастап, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал топтық кезеңде тек Өзбекстан құрамасын ғана жеңіп, Франция мен Германиядан жеңілген Қазақстан өз тобында 4-орынға тұрақтады. Десе де, биыл ұлттық құрама алғаш рет таңдаулы 32 елдің қатарына қосылды.