• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Футбол 07 Қазан, 2022

Месси жеңіске жетелей алмады

221 рет
көрсетілді

Футболдан УЕФА Чемпиондар ли­гасы­ның үшінші тур ойындары аяқ­талды. Жарыстың екінші күнінде кейінгі төрт топтың командалары бақ сынады.

Алғашқы екі турдан кейін «Е» тобында көш бастап тұрған «Милан» сырт алаңда ойнап, Лондонда «Челсиден» ірі есеппен жеңіліп қалды – 3:0.

Топтағы екінші матчта «Зальцбург» өз алаңында Загребтің «Ди­намосын» қабылдап, 1:0 есе­бімен басым түсті. «F» тобының үздігі «Реал» Мадридте «Шах­тер» (Донецк) қақ­­пасына 35 соққы жасап, екі-ақ гол енгізді – 2:1. Германияның «Лейпцигі» өз ала­­­­ңында «Селтикті» 3:1 есебімен тізе бүк­тірді.

«G» тобында «Манчестер Сити» Англияда «Копенгагенді» (5:0), «Борус­сия» Испанияда «Севильяны» (4:1) ірі есеппен жеңді. «Н» то­бы­нда «Ювентус» «Мак­­кабиді» 3:1 есебімен жеңіп, алғашқы ұпайын олжаласа, ПСЖ сырт алаңда «Бен­­­фикамен» тең түсті – 1:1. ПСЖ са­­пынан Лионель Месси мергендігімен көзге түсті.