• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қазан, 2022

Ақтөбеде жүргізуші жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кетті

313 рет
көрсетілді

Ақтөбеде жүргізуші жасөспірімді қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбеде Иманов көшесінде «Geely Coolray» көлігінің жүргізушісі ақтөбелік кәмелетке толмаған баланы қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Оқиға салдарынан жаяу жүргінші ЦОМИД ауруханасына жатқызылып, оған медициналық көмек көрсетілді. Қазір жас жігіт үйде.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Ақтөбе-Орынбор тас жолында 36 жастағы көлік иесін ұстады. Ер адам көше қиылысына жақындаған кезде көңілі басқа жаққа ауып, жаяу жүргіншіні байқамай, абдырап, оқиға орнынан кетіп қалғанын түсіндірді.