• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Қазан, 2022

Алматыда жылу қашан беріледі?

494 рет
көрсетілді

Алматы әкімдігі 5 күн ішінде +8 градус және одан төмен болса, қалада жылу қосылатынын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жылыту маусымына дайындалу және өткізу қағидаларына сәйкес қалада жылу сыртқы ауаның белгіленген орташа тәуліктік температурасы +8°С және одан төмен болғанда бес тәулік ішінде беріледі», делінген  Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бірінші кезекте жылуға денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары және өзге де әлеуметтік объектілер қосылады. Содан кейін жылу көп пәтерлі тұрғын үйлерге де беріледі.

Еске сала кетсек, 2021 жылы қалада жылыту маусымы 2 қазанда басталып, 5 сәуірде аяқталған.